Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабарлама сағат 13:35-те түскен. Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Шоқтау учаскесінде (110 км) құрғақ шөп жанған.
Дала өртін сөндірумен Сәтбаев ауылының өрт сөндіру бекеті және ерікті өрт сөндіру құрылымының 30 адамы жұмылдырылған.- Сонымен қатар Жаңажол ауылдық округінде Жаңажол ауылының маңында Тасбұлақ, Бүркітті, Қажыгелді учаскелерінде де құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жау туралы 12:14-те хабар келіп түсті. Өрттің жалпы ауданы 40 гектарды құрады, - делінген хабарламада.
Дала өртін сөндіруге Павлодар облысы ТЖД-нің 4 қызметкері мен 1 техникасы, Жаңажол ауылының ерікті өрт құрамасынан 40 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 17:20-да сөндірілді.