Баянауылда «құсбегілік» өнері бойынша турнир өтті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауылда құсбегілік «өнері» бойынша ашық турнир және құмай тазылар жарысы өтті, Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қаражар ауылындағы Мырзашоқы тау-шаңғы кешенінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Баянауыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, аталған іс-шараға Павлодар облысының Баянауыл, Ақтоғай, Май аудандарынан, Ақсу, Екібастұз қалаларынан, Ақмола, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 қыран құс және 51 құмай тазы қатысқан.
Жарыс нәтижесінде құсбегіден ақтоғайлық Самен Ален «Ақ иық» есімді қыран құсымен 3-орынға, Ақмола облысынан келген Жәнібеков Қахарман «Сақтан» атты қыранымен 2-орынға, ал Қарағанды облысынан келген Жаркен Нұрлыхан жүлделі 1-орынға ие болды.
Құмай тазылар арасында өткен жарыста баянауылдық Ғабдынасыр Бекзат «Арлан» есімді тазысымен 3-орын, Ақтоғай ауданынан келген Уақпаев Ақан «Белка» атты тазысымен 2-орын, екібастұздық А. Сурумбетов «Жез киік» тазысымен жүлделі 1-орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.