Баянауылдағы өрт найзағайдан шыққан болуы мүмкін - ТЖД

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ТЖД-ға сілтеме жасай отырып.

3 тамызда 13:39-даБаянауыл ауданы Торайғыр ауылындағы Баянауыл кентінен 40 шақырым қашықтықта,Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман мен құрғақ шөп өртенді.

Оқиғаға өртқаупінің 5 деңгейі берілді.

«4 тамызда 12:15-те0,3 гектар аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.Өрт жай түскеннен болуы мүмкін. Оны комиссия тексереді», - делінгенхабарламада.

Барлығы ТЖД, ұлттықтабиғи парк, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 51 адам, 13 техникажұмылдырылды. Сондай-ақ, ТЖК құтқару авиациясы мен ұлттық табиғи парктен 2тікұшақ тартылды.

ТЖК«Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-706 тікұшағы (көлемі 3 тонна болатын су шашатынқұрылғы) 19 рет 57 тонна су шашты.

Соңғы жаңалықтар