Аспалы жолдың абонементі 3000 теңге. Бір сағаты – 1500 теңге тұрады. 10 жастан үлкен балаларға жеңілдіктер қарастырылған.
Шаңғы курортындағы ең ұзын трассаның ұзындығы 1200 метр. Одан қысқа жолдар да бар. Бәрі шаңғышының дайындық деңгейіне байланысты.
Аспалы жолмен бір мезгіл көтерілу 500 теңге, балаларға 250 теңге тұрады. Мырзашоқыда тюбингтер алуға болады. Оның бір сағаты 1000 теңге тұрады. Курорт таңғы 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Осы жерде жылынып шай ішіп алуға болады.
Айта кетейік, Мырзашоқы Баянауылдан 20 шақырым жерде орналасқан шаңғы базасы.