Жиынның ашылуында сөз алған Бауыржан Байбек биылғы көрмеге 30 елден 500 қатысушы келгенін айтты.
«Алматы былтыр ЮНЕСКО аясында өзінің 1 000 жылдығын атап өтті. Біз биыл қысқы Универсиаданы өткіздік. Біз еліміздің туристік мүмкіндіктерін көрсете алдық. Биыл 17-ші рет өткізіліп отырған қазақстандық халықаралық көрме - аймақтағы ең ірі шара. Биыл 30 елден 500 қатысушы келіп отыр. Көрмені биыл 4 мың адам тамашалайды деп күтіп отырмыз. Туризмге мән берген елдер өз өнімдерін таныстырып отыр. Қазақстан да бұл салада өз орнын табуға тырысып отыр. Қазақстанға келген туристер Алматыға соқпай кетпейді. ЭКСПО-ға келген қонақтардың дені Алматыны көрмей кетпейді деп ойлаймыз», - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Қала басшысы көрмеде Алматыны таныстырған стендті тамашалады. Сонымен қатар, әкім шетелдік қатысушылардың стендеріне жоғары баға берді.