Ол бұл арманымен бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен 17-ші Азия ойындарының қорытындысына арналған брифингте бөлісті.
«Жалпы, спорттық мансапты доғаруды қазірден бастап ойластырудың еш реті жоқ. Меніңше, әзірше ешкімнің де өз мансабын аяқтауды ойлап отырмағаны анық. Барлығының да асқақ жоспарлары бар. Келер жыл біздер үшін барынша қиын болмақ, Олимпиада ойындарының лицензиясын ұтып алуымыз керек. Сол ойындарда табысты өнер көрсеткім келеді», - деді спортшы.