АСТАНА. KAZINFORM – Минск қаласында (Беларусь) байдарка мен каноеде есуден халықаралық «Мықтылар кубогы» турнирі аяқталды. Бұл туралы ҚР ҰОК хабарлады.
500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Жалпы жарысқа тоғыз елдің спортшылары қатысты.
Айта кетейік, отандық жеңіл атлет Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.