Байдаркадан ерлер құрамасы Олимпиаданы аяқтады
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер командасы ширек финалдан ары аса алмады.
Отандастарымыз Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбы аталған қашықтықты 1:37.58 секунд уақытта бағындырып, мәреге соңғы болып жетті.
Осылайша, Бекарыс пен Сергей жүлдеге таласа алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.
Айта кетейік, бұған дейін Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден Олимпиада рекордын жаңартқанын жазған едік.