Джо Байден сәрсенбі күні Газада тұтқынға алынған америкалықтардың отбасы мүшелерімен кездесті. Ол өз кезегінде қызметіндегі қалған екі айын Газадағы жағдайды бейбітшілікке әкелгісі келетінін жеткізді.
-Біз жаңа командамен ортақ мақсатта жұмыс істеуге, кепілге алынғандарды босату үшін ұжымдық күш жұмсауға дайынбыз, — деді Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан.
Израиль шенеуніктері ХАМАС әлі де Газада 101 адамды кепілде ұстап отырғанын және олардың кемінде 50-і тірі екенін айтты.
Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 43 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Байден мен Трамп Ақ үйде кездесті.