Негізгі кандидаттардың екеуі де осы уақытқа дейінгі барлық президенттік сайлауда жеңіске жеткен.
Джо Байден демократиялық сайлаушылардың 79,8% қолдауына ие болды. Оның қарсыластары: жазушы және саясаткер Марианна Уильямсон 2,9% және АҚШ Өкілдер палатасының демократ мүшесі Дин Филлипс 2,8% дауыс жинады.
Осы уақытқа дейін Дональд Трамп республикашылдар партиясының кандидатурасы үшін 6 президенттік конкуста жеңіске жетті. Оның қалған басты қарсыласы — АҚШ-тың бұрынғы елшісі Никки Хейли әлі бірде-бір байқауда жеңіске жеткен жоқ.
Дональд Трамп штаттағы қолдаушыларына алғыс білдіріп, Мичигандағы нәтиже үлкен жеңіс екенін айтты.
АҚШ-тағы сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген.
Айта кетейік, Дональд Трамп Невада, Айова, Нью-Гэмпшир және Виргин аралдарында өткен ішкі партиялық сайлауда сенімді түрде жеңіске жетті.