Бәйдібек ауданында құдалыққа келген қонақ 3 жасар баласын жоғалтып алған

Фото: None
БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Бәйдібек ауданында полицейлер адасып қалған баланы ата-анасына табыстады. 3 жасар бүлдіршін көшеде жылап жүрген жерінен табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПДбаспасөз қызметінің мәліметінше, аудан орталығында жергілікті тұрғындардың біріадасып қалған кішкентай ұл баланы полицияға ертіп келген. Ол бүлдіршінді поштамекемесінің жанынан тауып алғанын жеткізген. Тәртіп сақшылары баламен тілдеспекшіболғанмен, ол әлі сөйлей алмайды екен.

Полицейлербүлдіршіннің ата-анасын іздестіру мақсатында жедел іс-шараларды жүргізді.Алайда ешкім баланы іздемеген. Осылайша бала тәртіп сақшыларының қасында 2сағаттай болды. Тек содан кейін ғана аудандық полиция бөліміне баланы әкесііздеп келген. Перзентінің дін аман екенін көрген ата-ана тәртіп сақшыларынаалғысын айтады.

«Шымкент қаласынанқұдалыққа қыдырып келген едік. Абыр-сабырда баламыздың сыртқа шыққанын дабайқамаппыз. Баламның «сиыр, сиыр» деп жүргенін білемін. Сөйтсем, балам солсиырмен бірге көшеге шығып кеткен екен. Ең бастысы, балапаным аман-сау. Полицейлердіңкішкентайыма қорған болғанына ризашылығым зор. Рахмет сіздерге!», дедібүлдіршіннің әкесі.

Соңғы жаңалықтар