ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылында ауыз су құбырынан жылан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде ауыл тұрғындарының су құбырынан жыланды алып жатқаны жайында видео тарады. Онда бір жарым мертлік жыланнаң су құбырына кептіліп қалғанын көруге болады. Өліп қалған жыланды суырып алу барысында екі жерден үзіліп кетті.
«Біздің колонкаға судың құбырымен жылан келіп тұр. Су келмей қалған соң, аштық. Сасып кеткен. Ішіп отырған суымыздың нәтижесі осы. Таңертең суды жылқы ішпей қойған» - дейді ауыл тұрғындары.
Ал, аудандық әкімдік пен суға жауапты мамандар тарапынан бұл мәселеге қатысты әзірге нақты жауап айтылмады.
Видеодан алынған кадр
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.