Бәйдібекте егістік көлемі 93 мың гектардан асты

Фото: None
БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды. Өмірзақ Шөкеев аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты,деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысысапарын Мыңбұлақ ауылдық округі Нұра елді мекеніндегі«Салюрбей Груп» ЖШС-нен бастады. Серіктестік мақта егуді қолға алған. Жобағасай ақ алтыннан гектарына 40 центнер өнім алмақ ниетте. Бүгінде 250гектарға егілген мақтаның күтімі жақсы. Арнайы қазылған ұңғыма арқылысуарылуда. Онда 10 адам еңбек етеді.


Бұдан соң облыс әкіміАқбастау ауылдық округі «Қозыке» өндірістік кооперативіне ат басын бұрды.1992 жылы құрылған кооператив асыл тұқымды бұқалардың санын көбейтуде. Албаптап отырған сиырларының саны 250-ге жеткен. Сондай-ақ, кооперативтіңегістік алқабына мақта, жоңышқа, күздік бидай егілген. Мұнда 18 адам тұрақтыжұмыс істейді. Өндірістік кооператив қажетті техникаларын да түгендеп алған.


Өмірзақ Шөкеев Боралдай ауылдық округі Талап елді мекеніндегі «Tau Alma Bak» ЖШС-не де аялдады.Интенсивті алма бауы 45 га жерді алып жатыр. Алқапта шабдалы мен алхоры жеміс талдары егілген.

Жалпы, атқарылғанжұмыстарға қаныққан облыс басшысы аудан басшылығына суармалы жерлердің көлемінұлғайтып, ет экспортын арттыра түсуді тапсырды. Сондай-ақ, шаруаларғақажетті мемлекеттік қолдау мен жер телімдері кедергісіз қолжетімді болуынқадағалауды жүктеді.


Айта кетейік, ағымдағыжылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі Бәйдібек ауданы бойынша 93 мыңгектардан асса, облыс көлемінде 823 мың гектар аумаққа егілді. Бұл өткенжылмен салыстырғанда 9,8 мың га артық. Бүгінгі таңда 127,4 мың га масақты дақылдаржиналып, 19,8 центнерден 252,5 мың тонна астық жиналған. Егін жинау науқаны жалғасуда.




Соңғы жаңалықтар