Байкал көліндегі су деңгейі едәуір төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байкал көліндегі су деңгейі тағы шамамен 7 сантиметрге төмендеді, деп хабарлады www.24.kz.

Ғалымдардың айтуынша, мамыр айына дейін мұндағы су деңгейі тағы 35 сантиметрге дейін төмендейді. Жалпы көлдегі су деңгейінің бірде төмендеп, бірде көтерілуі соңғы 50 жылда он бір рет қайталанған құбылыс болыпты. Ғалымдар мұны жақын маңда орналасқан Иркутск су электр стансасының жұмысымен байланыстыруда.

Айта кету керек, Байкалда әлемдік тұщы су қорының 20 пайызы бар, деп жазады gismeteo.ru.