Байкалда жарыс кезінде альпинист қыздың арқаны үзіліп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Байкал көлі жағалауында ұйымдастырылған шыңға өрмелеу жарысында жас әйел арқаны үзіліп кетіп, қайтыс болды. Бұл туралы сенбі, 4 наурызда «Интерфакс-Сибирь» хабарлады.

Оқиға Старая Ангасолка кентінде орын алды. Құлаған қатысушыны Сдюдянкадағы ауруханаға жеткізді, алайда 27 жастағы бойжеткен жолда қайтыс болды.

Оқиғаның себебі анықталуда.

«Байкализм» шыңға өрлеу жарысы Иркустк облысында сенбі, 4 наурызда ашылды. Оған 40-тан астам спортшы қатысуда, деп хабарлады  lenta.ru