Бүгін Ақордада бірқатар шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдау кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.
«Алдағы жексенбіде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Сайлау барысына 1 мыңнан астам шетелдік байқаушылар қатысады»,-деді Мемлекет басшысы.
«Біз әділ әрі ашық сайлау өткізу үшін барлығын жасаудамыз. Барлық байқаушылар Президенттік сайлау бойынша объективті баға беретініне сенімдімін»,-деп түйіндеді сөзін Н. Назарбаев.