Kazinform тілшісінің сауалына орай Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.
— 2023 жылы туған бала 5-қабаттан құлағаннан кейін Ресейдің № 1 федералды медициналық-биологиялық агенттігінің Байқоңыр қалалық № 1 орталық медициналық-санитарлық бөліміне ауыр жағдайда түскен. Қызылорда қаласының санитарлық авиация желісі арқылы реаниматолог дәрігер кеңес берген. Өміріне қауіп төндіретін жарақаты болуына байланысты пациент авиациямен тасымалдайтын жағдайда емес еді. Дәрігерлердің бірлесе күш салғанына қарамастан баланы құтқарып қалу мүмкін болған жоқ. Қайғылы жағдайға байланысты көз жұмған баланың отбасына қайғырып көңіл айтамыз, — деді басқарманың ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінiң басшысы Айгүл Асылбекқызы.
Бұған дейін Павлодар облысының Ақсу қаласында 2023 жылы туған бала үшінші қабаттан құлап кетіп көз жұмған еді.