Байқоңыр 2009 жылды «Протон-М» зымырантасымалдағышын ұшырумен қорытындылады
13:06, 29 Желтоқсан 2009
            БАЙҚОҢЫР.   Желтоқсанның  29-ы.  ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ -  Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгін  Астана уақыты бойынша  6.22-де  «Байқоңыр» ғарыш  айлағынан  «Протон-М» зымырантасымалдағышы ұшырылды.   Ол   орбитаға   американдық «Дирек ТВ-12»  телекоммуникациялық жерсерігін    алып шықты.
                Қазғарыштың пен «Байқоңыр» ғарыш айлағының жедел қызметтерінің хабарлауынша, ұшыру штаттық режимде өтті.
Американдық жерсерік белгіленген орбитаға Астана уақыты бойынша сағат 15.32-де шығарылады деп жоспарлануда.
М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталықтың ақпараты бойынша, «Протонның» бүгінгі старты осы модельдегі зымырантасымалдағыштың ағымдағы жылдағы тоғызыншы ұшырылуы. Биылдыққа «Байқоңыр» ғарыш айлағынан барлығы 24 кеме ұшырылды.