Байқоңыр 2009 жылды «Протон-М» зымырантасымалдағышын ұшырумен қорытындылады

БАЙҚОҢЫР. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгін Астана уақыты бойынша 6.22-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасымалдағышы ұшырылды. Ол орбитаға американдық «Дирек ТВ-12» телекоммуникациялық жерсерігін алып шықты.

Қазғарыштың   пен  «Байқоңыр» ғарыш  айлағының    жедел қызметтерінің  хабарлауынша,    ұшыру   штаттық режимде  өтті.

Американдық жерсерік  белгіленген  орбитаға   Астана уақыты  бойынша    сағат 15.32-де шығарылады  деп жоспарлануда. 

М.В.Хруничев атындағы   мемлекеттік   ғарыштық    ғылыми-өндірістік  орталықтың    ақпараты  бойынша,   «Протонның» бүгінгі старты      осы  модельдегі   зымырантасымалдағыштың      ағымдағы    жылдағы тоғызыншы    ұшырылуы. Биылдыққа  «Байқоңыр» ғарыш  айлағынан  барлығы 24   кеме    ұшырылды.