«Байқоңыр» айлағын қазақстандық туристер үшін ашу мәселесі талқылануда
Бұл туралы бүгін Қызылорда әкімдігінде өткен өңірдің туристік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлім етті.
Кездесуде Қазақстандық туристік қауымдастығы облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша әзірлеген «Қызылорда облысының туристік кластерін 2016 жылға дейін құру және дамытудың мастер-жоспарын» жүзеге асыруы қаралды.
Марат Иғалиевтің айтуынша, ҚР туризмін дамытудың жүйелі жоспарына сәйкес, Туризм индустриясы комитетінің тапсырысымен әзірленген, Оңтүстік Қазақстанның кластеріне Қызылорда облысы да кіреді.
«Бұл кластердегі туристік қызығушылық тудыратын негізгі орындардың бірі - мәдени-танымдық туризмді дамытуға болатын «Байқоңыр» кешені болып табылады. Қазіргі уақытта, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті мүдделі қазақстандық меморгандарымен бірге, «Байқоңыр» ғарышжай нысанына қазақстандық туристердің барулары үшін, рұқсат қағазын беру тәртібіне қатысты, тиісті туризмнің инфрақұрылымын құру мәселесі бойынша Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатыр», - деді ол.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жол бойының туристік кластерін құру бойынша іс-шаралар қарастырылған Туристік индустрияның перспективалы бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруы қаралды. Қызылорда облысында аталған халықаралық жоларнасының бойынан жолбойы инфрақұрылымын дамытудың 14 нүктесі анықталды, оның 3 нысаны пайдалануға берілді.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғилиев қазақстандық инвесторларының жобасымен жүзеге асқан, «Қорқыт ата» мемориалды кешенінің айналасына салынып жатқан туристік инфрақұрылымына барды.
2013 жылдың 26 желтоқсанында ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің өкілдері Қызылорда облысы әкімдігімен бірге Байқоңыр қаласында «Ғарыштық айлақ» қонақүй-ойын-сауық туристік кешенінің таныстырылу рәсімін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметінен.