Байқоңыр Бүкілресейлік халық санағына дайындалуда
2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысына қатысқан Александр Суринов жалдау жағдайындағы айрықша мәртебеге ие Байқоңыр қаласында жалпыресейлік санақты ұйымдастырудың бірқатар ерекшеліктерін атап көрсетті.
Ал комиссия төрағасы, Байқоңыр қаласының әкімшілік басшысының орынбасары Анатолий Петренко қонақтарға халық санағына дайындықтың аясында жүргізіліп жатқан кешенді шаралар туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, комиссияның жұмысын белгілейтін құжаттар пакеті қабылданғанын, учаскелердің шекаралары анықталған тұрғын үй орамдарының тізімдері жасалғанын, санақ жүргізетін кадрларды іріктеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Федералдық Мемлекеттік статистика қызметінің басшысы Александр Суринов Бүкілресейлік халық санағына Байқоңырда жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарына оң баға берді.