Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, зымыранның ұшырылуы штаттық кестеге сәйкес өтті.
Ұшырылумен болуы мүмкін салдарды жою үшін осы күнгі 19 сағат 35 минуттан 22.35-ге дейін ТЖМ-ның Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қызылорда облыстары бойынша Төтенше жағдайлар департаменттері жоғары дайындық кезеңінде болды.