деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеше астана уақыты бойынша 21.55-те «Союз-2.1б» зымырантасымалдағышымен «Метеор-М» ғарыш аппараты ұшырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, ұшу сапарымен байланысты ықтимал салдарларды жою үшін, сағат 19.55 пен 22.55-тің аралығында Қызылорда, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің апаттық-құтқару күштері мен техникалары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді.
Оған қоса, бүгін сағат 1.00-де ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасымалдағышымен «Нимик-5» ғарыш аппараты ұшырылды. Бұл жолы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқарушылары Қызылорда және Қарағанды облыстарының департаменттерімен бірлесіп, сағат 23.19 бен 02.19-дың аралығында жоғары дайындық режимінде болды.
Екі зымыранның ұшырылуы штаттық бағдарлама бойынша өтті.