Халықаралық ғарыш стансасына құрамында «Союз ТМА-11М» командирі Михаил Тюрин, «Союз ТМА-11М» бортының инженері Рика Мастраккио мен «Союз ТМА-11 М» 2 кемесінің борт инженері Коичи Ваката бар ғарышкерлер мен астронавтардан тұратын экипаж аттанды.
ХҒС-ға аттанған бұл тәжірибелі экипаждың стансадағы негізгі жұмыс бағдарламасынан басқа орбитаға олимпиада алауы бар капсуланы жеткізу міндеті тұр.
Роскомостың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұшқыш басқаратын «Союз ТМА-11 М» кемесі штатты режімде ұшырылды.
«Союз ТМА-11 М» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасымен жақындасып, түйісуі кеменің қозғалтқышының жұмысына байланысты болады.
Экспедициялаушы 38/39-шы экипаж ХҒС-ға алты сағаттан кейін, яғни Астана уақыты бойынша 16:31-де жетеді деп болжануда.