Ұшудың 529-секундында «Союз ТМА-22» штаттық режимде зымырантасығыштың үшінші сатысынан бөлініп, Жердің жасанды серігінің орбитасына шықты.
Халықаралық ғарыш стансысына кеме командирі, Ресейғарыш ғарышкері Антон Шкаллеров, бортинженер, Ресейғарыш ғарышкері Анатолий Иванишин және бортинженер, НАСА астронавы Дэниел Бербэнк аттанды. Ресейлік екі ғарышкердің бұл алғашқы ғарышқа ұшуы, ал 50 жастағы американдықтың бұған дейін ғарышта екі рет болған тәжірибесі бар.
Ресейлік ғарышкерлер ХҒС-та 124 тәулік бойы 37 ғылыми экспериментке қатысады.