«Байқоңыр» ғарыш айлағынан немістің «TanDEM-X» ғарыш құрылғысы ұшырылды
11:25, 21 Маусым 2010
БАЙҚОҢЫР. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Сара Кәбиқызы/ - Бүгін Астана уақыты бойынша 08 сағат 14 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының 109 шахта құрылғы алаңынан «Днепр» (РС-20) зымыран тасымалдаушысы «TanDEM-X» неміс аппаратымен бірге ұшырылды.
Росғарыш баспасөз қызметі хабарлағандай, 14 минуттан кейін ғарыштық аппарат жылдамдатқыш блогынан ажырап, артқы орбитаға шыққан.
1350 келі салмақтағы «TanDEM-X» ғарыштық құрылғысы 514,8 шақырымдағы биіктікте қолданатын болады. «TanDEM-X» жоғары дәлдіктегі глобалды сандық модел құруға арналған. Ұшыруға тапсырыс берушінің жоспары бойынша, оның орбитада белсенді жүретін уақыты бес күнді құрайды.