«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс-М» ғарыш кемесін ұшыру табысты өтті

АСТАНА. Шілденің 25-і. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі №112 «Союз-У» зымырантасығышы бар № 367 «Прогресс-М» жүк ғарыш кемесін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан сағат 16.56-да  ұшыру табысты өткенін хабарлады.

Ықтимал салдарларды жою үшін кеше сағат 16.56-дан 17.56-ға дейін ҚР ТЖМ Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар бойынша апаттық-құтқару күштері мен құралдары департаменттері жоғары даярлық тәртібінде болды.