АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Жексенбі күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен «Экостар-15» ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
ТЖМ-нің атап өтуінше, зымыранның ұшырылуы штаттық бағдарлама бойынша өткен.
Зымыран тасымалдағыштың ұшырылуына байланысты мүмкінді апаттардың алдын алу үшін ҚР ТЖМ-ның Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы төтенше жағдайлар департаменттері мен апаттық құтқару күштері жоғары дайындық режімінде болды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.