деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ресей Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Протон», «Зенит» және «Днепр» зымыран тасығыштарды коммерциялық мақсаттарда пайдаланудың арқасында жылына 1 млрд. 340 млн. доллардан астам табыс көреді. «Қазіргі кезде Байқоңырдың жылдық төлемақасы - 115 млн. доллар болса, айлақтың материалдық-техникалық жағдайына жыл сайын 100 млн. доллар жұмсалады. Бұл, әрине, Ресей үшін аса тиімді. Ендігі жерде, осы елдің Таяу Шығыста өзінің жеке ғарыш айлағын ашатындығын ескеріп, Байқоңыр ғарыш айлағын отандық жобалардың негізінде дамыту қажет», - дейді М.Молдабеков.
Агенттік төрағасының орынбасары атап көрсеткендей, бүгінгі таңда еліміздің отандық ғарыш саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін 110,5 млрд. теңге қажет. Аталған жобалар кеткен шығынды 5 жылдың ішінде ақтамақ.