Бұл туралы «Роскосмостың» баспасөз қызметі хабарлайды.
«Ұшу циклограммасына сәйкес Мәскеу уақытымен сағат 13.28-де «Бриз-М» үдету блогының (ҮБ) және «СЭС-6» (ҒА) құрамындағы бас блок зымыран-тасымалдағыштың үшінші сатысынан бөлінді», - деп айтылған хабарда.
Мақсатты орбитаға ғарыш аппаратын бұдан әрі шығару үдету блогының қозғалтқыш құрылғысы жұмысының есебінен жүзеге асырылады.