«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит» зымырантасымалдағышымен «Электро-Л»» ғарыш аппараты ұшырылды
08:45, 21 Қаңтар 2011
АНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешкі сағат алтыларда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Зенит» зымырантасымалдағышымен «Электро-Л»» ғарыш аппараты ұшырылды,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұшу сапары штаттық режімде өтті.
Зымыранды ұшырумен байланысты орын алуы ықтимал салдарларды жою үшін, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақтан облыстарының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің күштері сағат 16.29 бен 19.29-дың аралығында жоғары дайындық режімінде жұмыс істеді.