«Байқоңыр ?халықаралық бренд» - Корея Мәдениет және туризм институтының сарапшы тобының жетекшісі

АЛМАТЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыда ашылған KITF- 2009 халықаралық туризм жәрмеңкесі аясында «ҚР туристік индустриясын дамыту үшін шеберлік жоспарын жасау» жобасы таныстырылды ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жоба ҚР Спорт және туризм министрлігі, Атырау, Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің қатысуымен жасалған. Жоба бойынша Қызылорда, Атырау, Байқоңыр ілкі нысандар ретінде алынған. Оған Ұлы Жібек жолын жалғастырушы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жолының бойында орналасулары себеп болған. «Бұл жоба Қазақстандағы туризм саласының дамуына үлкен көмек көрсететіні сөзсіз. Жобада Байқоңырға үлкен көңіл бөлінген. Байқоңыр - дүниежүзілік ғарыш орталығы ретінде танымал бренд. Сондықтан бұл аймаққа келгісі келетін туристер саны аз емес.Сондықтан жоба өте маңызды», дейді Кореяның Мәдениет және туризм институтының сарапшы тобының жетекшісі, профессор Ким Док Ки.