Облыстық ассамблеяның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның негізгі мақсаты - Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі - қазақстандық патриотизмді оқушылар бойында дамыту, қазақ жерінде мекендеген этностардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін білуге, құрметтеуге, олардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, оқушылар бойында өзге этнос өкілдеріне деген толеранттық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Фестивальға қатысушылар «Ұлттық дастархан», «Халық достығы» бейнелеу, қол өнері көрмелерін тамашалады. Мерекелік шара көркемөнерпаздарының концертіне ұласты. Керемет ән-бимен қатар қазақ халқы мен өзге ұлттар мен диаспоралардың тарихын айшықтайтын қысқаша қойылымдар көрсетілді.
Қазақстан халқы облыстық ассамблея хатшылығының қолдауымен «Қоғамдық келісім» КММ, Байқоңыр қаласында орналасқан №274 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы және Қармақшы аудандық білім бөлімінің №274 орта мектебі ұйымдастыруымен V «Халық достығы - ел тірегі» атты балалар шығармашылығының фестиваліне облыстық білім басқармасы, Қармақшы ауданы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр қаласы филиалы, түрік, славян, неміс, корей, татар, өзбек, қырғыз, шешен, грек, еврей этностарының өкілдері қатысты.