Байқоңыр қаласы әкімшілігінің мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасы барлық тілек білдірушілерді «Сочи-2014. Олимпиадаға қолдау көрсетейік» атты спорттық мерекеге қатысуға шақырады. Ол 2014 жылғы 8, 9 ақпан, екі күнге созылады.
Спорттық акция Юрий Гагарин ескерткішінің жанында Олимпиада алауын алып жүру шарасымен басталады және олимпиада алауымен қала бойынша жүріп өтіп, шеру қалалық мәдениет және демалыс саябағында аяқталады.
Іс-шараны ұйымдастырушыларының пікірінше, Байқоңыр қаласының тұрғындары спортты жақсы көріп, қолдайды. Сочи Олимпиадасы құрметіне ұйымдастырылған спорттық ойын-сауық бағдарламасы көпшілікпен өтеді.