Тараптардың тең төрағасы - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин жүргізетін қазақстандық-ресейлік ҮАК 5-ші отырысының күн тәртібіне «Байқоңыр» ғарыш кешенінің жұмыс істеуі бойынша 10-ға жуық мәселе енгізілді.
Үкіметаралық комиссияда Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жаңа басшысы Константин Бусыгин таныстырылады деп күтілуде. Оның тағайындалатыны жайлы бұдан бұрын кей БАҚ-тар хабардар еткен болатын.
Ғарыш айлағына көп жыл қызмет еткен, РФ жергілікті атқарушы органы құрылған күннен бастап ресей әкімшілігінде жұмыс істейтін Байқоңыр қаласының қазіргі басшысы Анатолий Петренко әзірге ҮАК ресейлік бөлігі құрамында.