Роскосмос және Қазғарыштың басшылары, тараптардың тең төрағалары орынбасарлары Владимир Поповкин және Талғат Мұсабаев қазақстандық және ресейлік сарапшыларды, ҮАК мүшелерін қарсы алды.
Ғарыштық ведомство басшылары «Байқоңыр» кешені бойынша қазіргі комиссия үкіметаралық комиссия мәртебесінде жаңа форматта жұмыс жасап жатқанын, және оны Ресей Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов басқаратынын атап өтті.
Қос тарап сарапшыларының жұмыс қорытындысы ертең «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары Қайрат Келімбетов пен Игорь Шуваловтың қатысуымен өтетін пленарлық отырыста талқыланатын болады.