Байқоңыр кешенінде 15 млн. рубль жымқырылғаны анықталды

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - РФ ІІМ Экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімінің қызметкерлері Байқоңыр кешенінде 15 млн. рубль жымқырылғанын анықтаған .

Бұл туралы Мәскеу облысы бойынша ІІМ ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап РБК хабарлады.

Күш құрылымдары «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жымқыру аты жарияланбаған жергілікті мемлекеттік унитарлық кәсіпорындардың бірінде жүзеге асырылған.

Ресми айып кімге тағылғаны әзірге белгісіз. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Қазіргі келісімге сәйкес, Ресей Қазақстаннан Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алады. Кешенді жалға алу ақысы жылына 115 млн. долларды құрайды, ғарыш айлағын пайдалануға Мәскеу 5 млрд. рубль жұмсайды.