Байқоңыр кітапханасы толыға түсті
13:50, 24 Қаңтар 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Байқоңыр қаласындағы кітапхананың қоры Қызылорда облыстық әкімдігі тарапынан жіберілген жаңа туындылармен толыға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Байқоңырлықтар ендігі кезекте Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім Людмила Сапожникованың "Тарас жолымен", "Қорқыт ? Арал өңіріндегі аңызға данышпан" тақырыбындағы тың шығармаларын оқитын болды. Ресей заңдарымен жұмыс істейтін орталықтандырылған кітапхана жүйесі қалалық бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан еліміздегі баспалардан қазақ және орыс тілінде шыққан өнімдерді сатып алудың да қиындығы көп. Бұл бастама алдағы уақытта жалғасын тапса, орын алған олқылықтың бүтінделеріне сенім бар. Қазіргі күні аталмыш кітапхананың қоры 205 мың данаға жетті.