деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен жыл көлемінде жалға берілген 17 мемлекеттік мүлік нысаны бойынша халықтық қазына қорына 6,8 млн. теңге түсіріліп, жекешелендіру жұмыстары аясында республикалық бюджет 15,4 млн. теңгемен толықты.
Ғарыш кешенін қамтамасыз етуге арналған техникалық, технологиялық жабдықтар, ғарыш зымырандары және арнайы техникалардың жеткізілуі мен әкетілуіне қатысты 1446 өтінім қаралып, 309 қабылдау-тапсыру актілері бекітілді. Қосалқы жалға беру туралы 296 шартқа қол қойылды.