Байқоңыр «Протон-М» зымыран тасығышын ойдағыдай ұшырып, 2013 жылғы ұшыру бағдарламасын аяқтады

None
БАЙҚОҢЫР. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Бриз-М» үдеткіш блогы және ресейлік «Экспресс-АМ5» коммуникациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының 81-інші алаңынан бүгін есептелген уақыт бойынша Астана уақытымен сағат 16:50-де ұшырылды.

Роскосмостың баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Бриз-М» үдеткіш блогы (ҮБ) және «Экспресс АМ-5» байланыс спутнигі бар бас ғарыштық бөлігінің бөлінуі ұшырылудың оныншы минутында сағат 16:59-да штаттық тәртіпте өтті. Ғарыш аппаратының үдеткіш блоктан бөлінуі 27 желтоқсанға белгіленген.