Байқоңыр қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Москалев хабарлағандай, сайлаушылар тізімінде 14 500 адам бар.
Дауыс беру екі бюллетень бойынша жүзеге асады. Біріншісінде сайлаушылар Ресейдің 14 саяси партиясын таңдаса, екінші бюллетеньде Мәскеу облысы Щелковский ауданы бір мандатты округтен 9 кандидаттың аты белгіленген.
«Байқоңыр Щелковский округтік №127 комиссияға кіреді және округ сайлаушыларының 3% құрайды», - деді Москалев.
Сайлау учаскелерінің ақпаратынша, сағат 12 жағдай бойынша Байқоңырда сайлаушылардың 15% дауыс берді.
Байқоңырда дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20-да аяқталады.