Әкімшілік Байқоңыр тұрғындарын қала сыртына шыққанда абай болуға шақырды.
«Қала әкімшілігінің ескерту және төтенше жағдайды жою және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясы «Байқоңыр» кешені аумағының төңірегіндегі табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы ауру - оба бойынша орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала сыртына шыққанда сақтық танытып, абай болуға шақырады», - делінген хабарламада.
Қалада төтенше жағдайды жою және ескерту жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
«Кешен бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сергей Огарь мен Ресей Федералды медико-биологиялық агенттігі №1 Орталық медико-санитарлық бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Сергей Романов жасаған баяндамада «Байқоңыр» кешені аумағының төңірегінде табылған табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы ауру - оба бойынша орын алған эпидемиологиялық жағдай туралы мәлім етілді. Талқылау нәтижесінде іс-шараларды күшейту және қала тұрғындарына болған жағдай туралы ақпарат тарату шешімі қабылданды», - деп хабарлады қала әкімшілігі.