БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 64 жастағы адам белгісіз жағдайда суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 29 қыркүйекте сағат 1.10 шамасында болған.
Сол уақытта төтенше жағдайлар қызметіне Байқоңыр қаласындағы Сырдария өзенінде орналасқан жылжымалы көпірден 300 метр қашықтықта Қызылорда қаласында тұратын 1958 жылғы азамат суға батып кеткені жөнінде хабарлама түскен.
«Аталған хабарлама бойынша жедел құтқару жасағының Қамыстыбас елді мекеніндегі бөлімінің мамандары 07.10-да Байқоңыр қаласына келіп жетті. Сағат 07.30-да іздестіру жұмыстары басталып кетті», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 2 жасар сәби үрлемелі бассейнге батып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.