Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде өткізілген байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жас таланттар қатысты. Ақындар ережеге сәйкес екі өлеңнен, яғни, тақырыпқа байланысты бір өлең және еркін тақырыптағы бір өлеңін ортаға салды.
Жыр додасында Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Байқоңыр филиалының төрағасы Серік Шағатаев бастаған топ қазылық етті. Сонымен, мүшәйра нәтижесінде жүлделі 1-ші орынға шиелілік Ержігіт Бекжан лайық деп танылса, екі екінші орынды жаңақорғандық Жанболат Ерсұлтан мен сырдариялық ақын қыз Абылаева Ақтолқын өзара бөлісті. Үшінші орын да екеу болды. Оны Қазалы ауданынан келген Макеев Бақытбек пен Шиеліден жеткен Жетпісова Күлән иеленді. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.