Байқоңырда американдық «Экостар-14» спутнигін ұшыруға әзірлік жұмыстары жүргізілуде
16:25, 04 Наурыз 2010
БАЙҚОҢЫР. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарыштық «Протон-М» зымыранын және «БризМ» екпін беру блогын және американдық «Экостар-14» телекоммуникациялық ғарыш аппаратын ұшыруға әзірлік жалғасуда.
Бүгін №31 май құю стансысында «Бриз-М» екпін беру блогына отын компоненттері мен сығылған газ құю жұмыстары жүргізілді. «Южный» ғарыш орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшыруға әзірлік жоспар бойынша атқарылуда. Ғарыштық «Экостар-14» аппаратын ұшыру 2010 жылы наурыздың 20-сына, мәскеу уақытымен 21 сағат 27 минутке белгіленіп отыр.