БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңырда әлеуметтік желідегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқан адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін өңірде төтенше жағдай кезінде 240 құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Оның ішінде сот шешімімен 11 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 47-не айыппұл салынды, 157-і әкімшілік қамаққа алынды. Ал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша елімізде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұздың 84дерегі анықталды.
Сот шешімімен 2 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 11-не айыппұл, 84 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының тұрғыны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқан. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабының 1-бөлігімен (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) әкімшілік хаттама іс-құжаттары рәсімделді.
Оған Байқоңыр қалалық соты шешімімен «ескерту» түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды. «Облыс тұрғандарына «Жалған ақпараттарды тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жасалып, арандатушыларды анықтау жұмыстары үнемі жүргізілетінін ескертеміз.
Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда», - делінген полиция департаментінің хабарламасында. Еске салсақ, Қызылордада бірыңғай байланыс орталығына төтенше жағдай кезінде 70 мың
қоңырау түскен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.