АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин Қазақстан елордасына алғашқы жұмыс сапарын ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен (ҚАӨМ) бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Кездесу барысында министр Бейбіт Атамқұлов пен Константин Бусыгин ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Серік Қожаниязовтың қатысуымен Байқоңыр қаласының дамуы бойынша ынтымақтастық жоспарын талқылады, деп хабарлады ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі.
Министр Байқоңыр қаласында біріккен өнеркәсіп кәсіпорындары бар арнайы индустриалды аймақ құру туралы ұсыныс білдірді, деп атап өтті ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.