Бұл бірлестікке ғарыш айлағымен қоса онымен іргелес Төретам және Ақай елді мекендерінде тұрып жатқан 70-ке жуық ауған соғысына қатысушылар тіркелген. Ұйымға жергілікті жұртқа аты танымал бизнесмен, бұрынғы кент әкімі Кенжебек Үйреков жетекшілік етеді.
17:10, 23 Наурыз 2010
Байқоңырда ауғандықтардың қоғамдық ұйымы құрылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Ауғанстандағы жарияланбаған соғысқа қатысып қайтқан кешегі жауынгерлердің ұйымы Байқоңыр қаласында да бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.