БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімідігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
50 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері 35 автокөлікпен базар бағасынан 15-20 % төмен бағада тұтынушыларға ұсынылды.
Жәрмеңкеге шығарылған өнімдерді атап айтсақ, күріш, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат, асқақбақ, қарбыз, қауын, кондитер өнімдері мен макарон өнімдері, балық түрлері сатылымға шығарылды.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөліміндегі жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, күріш пен балық өнімдеріне сұраныс жоғары болды.
Алдағы уақытта да қалада бағаны тұрақты сақтау мақсатында мұндай шаралар жалғасын табатын болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.