Байқоңырда бүгін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 1 отырысы басталады
Отырысқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов төрағалық етеді. Іс-шараға сондай-ақ ҚР ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, РФ федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Владимир Поповкин, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Александр Мезенцев, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі өкілі Рзақұл Нұртаев, сондай-ақ тараптардың мүдделі министрліктері мен ведомстволары өкілдері қатысады.
Тараптар «Байқоңыр» кешені бойынша әр түрлі мәселелер, сондай-ақ Байқоңыр қаласын одан әрі дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ отырысқа қатысушылар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-08М» басқарылатын ғарыш кемесінің іске қосылуын бақылайды, деп хабарлайды BNews.kz.